"Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында сынып сағаттары

Дата: 2022-01-28 16:55:16

2021 жылдың 26 қазаны күні облыстық Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Кел, балалар, оқылық" атты апталықтың жоспарына сәйкес "Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.

Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.