«Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің» математика пәні мұғалімі Тулеутаева Жанар Мухатаевнамен кездесу

Дата: 2022-01-28 16:23:05

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де "МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА" математикалық сауаттылық апталығы аясында 6-9 сынып оқушыларының қатысуымен Zoom платформасы арқылы жетістік пен табысқа жеткен тұлғалармен кездесу, танысу мақсатында «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің» математика пәні мұғалімі Тулеутаева Жанар Мухатаевнамен кездесу өтті.

Тулеутаева Жанар Мухатаевна қолданбалы математика магистрі, 2020 жылы математика мамандығы бойынша докторантураны аяқтап, биыл доктор PhD дәрежесін қорғауда. Қарағанды техникалық университетінде жоғары математика кафедрасында 2003-ші жылдан бастап жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар 18 ғылыми мақала жариялаған, 10- ға жуық оқу құралының авторы.