«Жас мамандармен жұмыс»

Дата: 2022-01-28 12:13:59

27.01.2022 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі»КММ- де «Жас мамандармен жұмыс» жылдық жоспарына сәйкес мектебіміздің биология пәні мұғалімі Мамырбаева Мадина Магруповна мен география пәні мұғалімі Жеткін Назерке Халықтілеуқызы қашықтықтан зум платформасы арқылы ашық сабақтар өткізді. Сабаққа қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнабекова К.К, қаламыздың биология, география пән мұғалімдері және мектебіміздің мұғалімдері қатысты.