«Рухани келісім – бірлік бастауы» атты ақпараттық бұрыш

Дата: 2022-01-24 14:57:24

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектеп" КММ-де 18-қазан Рухани келісім күніне орай жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 16-қазан күні «Рухани келісім – бірлік бастауы» атты мектеп фойесінде ақпараттық бұрыш жасалды.

Мектеп кітапханасында "Діни келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды.

Көрменің мақсаты: Ұлтаралық достық қарым-қатынасты сақтау, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйрету, қоғамда тұрақтылықты сақтауға тәрбиелеу.