"Біз жемқорлыққа қарсымыз!" атты сурет байқауы

Дата: 2022-01-19 10:24:37

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады.

Конвенцияның мақсаты - жемқорлықтың алдын алу және жою. Конвенция жемқорлықтың алдын алу шараларын, сондай-ақ онымен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың механизмін қарастырады және соған сәйкес заңнамаларды жетілдіріп отырады. Конвенция ережелеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлық салдарынан келген ақшалар қай елден келсе, сол елге қайтарылып отырады. Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылдың мамыр айында ратификациялады.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске белсене араласқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетті.

2021 жылдың 6-9 желтоқсан аралығында 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында "Біз жемқорлыққа қарсымыз!" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру

Байқаудың қорытындысы бойынша:
I орын - 8 "А" сынып оқушысы Жазыбек Ерасыл;
II орын - 5 "А" сынып оқушысы Төлеутай Олжас; 6 "А" сынып оқушылары - Жасұлан Мейрамбек, Нұржанқызы Еңлік, Тайжан Нұрдаулет;
III орын - 5 "А" сынып оқушысы Маратай Хадиша;