Размер шрифта:

"БП интернет жоқ әлемді таңдайды» атты қарары бойынша дебат өткізілгені туралы АҚПАР

Дата: 2022-01-14 11:59:53

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-нің 9 сыныптар білім алушылары арасында 2021 жылдың 29 қыркүйегі күні «БП интернет жоқ әлемді таңдайды» атты қарары бойынша дебат өтті.

Мақсаты: Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру.

Міндеттері: Мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру. Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау. Қорытынды: Үкімет тарапындағы «Болашақ» фракциясы оппозиция тарапындағы «Ақиқат» фракциясына қарсы ойнап нәтижесінде «Болашақ» командасы жеңіске жетті.