"Жерді күн көріктендіреді, ал еңбек адам көріктендіреді" атты эссе байқауы өткізілгені туралы АҚПАР

Дата: 2022-01-14 09:24:00

Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәттілеу. «Еңбек ер аттандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады.

"Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де "Жерді күн көріктендіреді, ал еңбек адам көріктендіреді" атты эссе байқауы өтті.

Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.