«Абайла, балақай!» акциясы

Дата: 2022-01-14 09:15:04

2021 жылдың 16 қыркүйек күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жас жол инспекторларымен бірлесе «Абайла, балақай!» тақырыбында акция өткізілді.

1-сынып оқушыларына «Абайла, балақай!» атты тәжірибе сабағын жас жол инспекторлары ұйымдастырды.

 Бұл жоба аясында мектеп оқушылары жол жүру ережелерін ғана емес, көшеде өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де үйренеді. Ондағы мақсат – мектеп жасындағы балаларды жол-көлік апаттарынан сақтандыру. Бұл шара балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.