Размер шрифта:

«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары

Дата: 2021-12-02 11:28:44

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде қараша айының  30-ы күні 1-11 сыныптың сынып жетекшілеріне Қазақстан Республикасы және ғылым министрлігінің хатына сәйкес 1  желтоқсан және 16 желтоқсан мемлекеттік мереке күндеріне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттарының ұсынылғаны жөнінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Ж.Мусаханова сынып жетекшілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізу қажеттігін ескертті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері туралы отандық телеарналар, бейнематериалдар мен ресми ақпараттар әзірледі және осы әзірленген материалдар сілтемесі арқылы барлық сыныптар көру керек екендігі айтылды.