Размер шрифта:

"Рақмет саған, Туған елім!" атты шығарма байқауы

Дата: 2021-11-23 15:54:09

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні. Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі, осы орайда 2021 жылдың 25-28 ақпан аралығында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен "Рақмет саған, Туған елім!" атты шығарма байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Қалалық шығарма байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды: II орынмен - 8 "А" сынып оқушысы Сыздыкова Жансая, III орынмен - 5 "А" сынып оқушысы Нұржанқызы Еңлік, 8 "А" сынып оқушысы Байдалина Гүлдана марапатталды.