Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шаралар бағдарламасының аясында қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасы арқылы "Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасына" виртуалды саяхат жасады

Дата: 2021-10-07 16:06:16

2021 жылдың 6 қазан күні Балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шаралар бағдарламасының аясында қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасы арқылы "Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасына" виртуалды саяхат жасады. Балалар кітапханасының ІІ дәрежелі кітапханашысы Курбанова Жадыра Кулажанқызы алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстырып өтті.