«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-сінің «Мектепке турникет орнату туралы» «Қамқоршылық» кеңесі отырысының анықтамасы

Дата: 2021-09-07 10:19:16

  Балқаш   қаласы   «Ыбырай  Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде» 2021 жылдың  05 тамызы күні  «Мектепке турникет орнатутуралы»«Қамқоршылық» кеңес отырысы өтті.

Жиналысқа қамқоршылық кеңес мүшелері мен директордың ТЖО Қазыбаева Д.Ж, директордың ШЖО Касатова К.Ж, әлеуметтік педагог Касатова Б.Т қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселе:Мектепке турникет орнату.

Оқушылардың өмір қауіпсіздігі мақсатында мектептің кіре берісіне турникет орнату қажет. Турникет орнатылған жағдайда ғимаратқа бөгде  адам кіре алмайды, мектепке тек мектеп қызметкерлері мен мектеп оқушыларына  кіру мүмкіндіктері болады.

Директордың ТЖ орынбасары  Казыбаева Д.Ж турникетті орнату - мектеп  оқушылары мен мектеп қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі үшін жасалған шара екенін айтты.

Қамқоршылық кеңес төрайымы Тлеукулова Т.С пен кеңес мүшесі Атымтаева Қ оқушылардың қауіпсіздігі үшін  ата-ана ретіндеде турникеттің орнатылу керек екенін айтып, қамқоршылық кеңес мүшелеріде бірауыздан қолдады.