Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде 2020-2021 оқу жылында «Елорда тарихы-ел тарихы» тақырыбында 2А және 2Б сыныптарында «Елорда тарихы-ел тарихы!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Дата: 2021-07-05 09:39:28

 

Мақсаты: 

1) Балаларға еліміздің бас қаласы Нұрсұлтан  туралы мәлімет беру.
2) Нұрсұлтан  туралы деректермен білімін дамыту.
3) Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

 Нұрсұлтан  – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастырумақсатында іс-шаралар өз жалғасын тапты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр. Енді бір 20-30 жылдан кейінгі елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Нұрсұлтан   қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған біздің бас қаламыз. Сендерде терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерінді қосуларын керек.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Нұрсұлтан  асқақтай берсін!