«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Жасдәурен» жазғы алаңының жабылу салтанатына арналған концерттік іс-шара ақпары

Date: 2021-07-05 09:15:52

   Ыбырай Алтынсарин атындағы  №25 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылы 02-шілде сағат 10.00-де «Жасдәурен» жазғы алаңы І кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Мерекелік концерт мектеп ішіндегі ойын бөлмесінде өтті. Салтанатты жиын мектебіміздің биші қыздарының «Шашу» қазақ биі өнерімен ашылды. Алаң басшысы Ж.Ж.Жаксыгелдина балаларды І кезеңнің жабылу салтанатымен ізгі тілектерін білдірді.

«Жасдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылу мақсаты балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді пайдалану, балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, өз елін, Отанын сүюге, егеменді еліміздің білімді де білгір ұрпақтары болуға тәрбиелеу. Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып, «Жасдәурен» жазғы сауықтыру алаңының әрбір күнге арналған жоспары құрылды.Жоспар бойынша оқушылар әртүрлі іс-шараларға қатысты. Балалар үшін барлық жағдай жасалып, қызықты ойын түрлері мен көңілді марафондар жүргізілді.

         «Жасдәурен» жазғы сауықтыру алаңының жабылу салтанатында барлық қатысушы балалар өз өнерлерін көрсетіп, тыс қалдырылмады. Балалар топ болып, жекелей ән салып, би биледі. Өз шығармашылығынан  «Жасдәурен» жазғы сауықтыру алаңына арнап шығарған өлең шумақтарын да оқыды, балаларға тәттілер таратылды.  І кезеңнің жабылу салтанаты сәтті өтті.

    

    

Author: School №25