"What do we know about nature?" book exhibition

Date: 2021-04-27 09:56:26

2021 жылдың 26-сәуірі күні "Экологиялық білім берудің жалпы республикалық апталығын өткізу бойынша іс-шаралар" жоспарына сәйкес «Қарағанды облысы әкімдігінің Балқаш қаласы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ» КММ-нің кітапханасында «Табиғат туралы біз не білеміз?» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қаблеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қаблетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.

Author: School №25