Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, ғалым, ұлт ҰСТАЗЫ "Ыбырай Алтынсарин-білімнің іргетасын қалаушы" тақырыбында 5АБ сыныптары арасындa сынып сағаты өткізілді.

Дата: 2021-04-07 23:17:29

 Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2021 жылдың 7 сәуірі күні Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, ғалым, ұлт ҰСТАЗЫ "Ыбырай Алтынсарин-білімнің іргетасын қалаушы" тақырыбында 5АБ сыныптары арасында ZOOM платформасы арқылы  сынып сағаты өткізілді. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.  Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Өз өлеңдерінде  балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа,  тазалыққа үйретеді. Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды, әрқашанда тарих биігінде тұра берері хақ.