« Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірме мүшелерінің салтанатты анты.

Дата: 2021-04-05 11:22:06

            Мен, (аты-жөні) өз ерік- жігеріммен әскери патриоттық «Жас сарбаз» үйірмесіне кіре отырып  ант қабылдаймын.                                                                                

         Өзімнің жолдастарымның алдында мектептің сақталып келе жатқан дәстүрлеріне сай, Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайланған Елбасына салтанатты түрде ант етемін.

          Мектепте өтілетін барлық жұмыстарға белсене араласуға,үлкендерді сыйлауға, тәртіпті болуға, «Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірмесінің атына кір келтірмеуге ант беремін.

           Өз Отанымның ержүрек ,әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, еңбекте озат, сабақты  «5» ке оқуға, Отанымның патриоты ретінде өзімді үлгі тұтуға ант етемін.

             Егер мен өз қабылдаған антымды бұзсам, онда мен қатаң жазаға ұшырайтын болайын, әскери патриоттық «Жас сарбаз» үйірмесінің мүшелігінен шығуға дейін.