"Өзін-өзі басқару ұйымы"

Date: 2021-03-29 12:34:31

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де өзін-өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан.

«Өзін-өзі басқару ұйымы» - балалар мен жасөспірімдердің жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын бірлестік.

Мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту; балалар мен жасөспірімдердің өз қызығушылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай жасау, ортақ мәселелерді шешу, балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүниетанымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қыркүйек айында «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де қашықтықтан «Өзін-өзі басқару ұйымының» сайлауы өтті. Сайлаудың қорытындысы бойынша Мектеп президенті болып, 10-сынып оқушысы Қалижан Мағжан сайланды.

2021 жылдың 28-наурыз күні аға тәлімгер Мағден Эльнара Нұржанқызы 8-11 сынып оқушыларымен Zoom платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында аға тәлімгер жоспар бойынша «Өзін-өзі басқару ұйымында» жыл бойы жасалған жұмыстарға тоқталып, талдау жасады.   

   

 

Author: School №25