«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де «Құқық бұзушылықтың алдын алу және психологиялық денсаулық» тақырыбында Адал Ұрпақ мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілгені туралы АҚПАР

Дата: 2021-03-15 10:50:41

Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын нығайту мақсатында ақпан айының 10-і күні Адал Ұрпақ мүшелерімен қашықтықтан Zoom платформасы арқылы «Құқық бұзушылықтың алдын алу және психологиялық денсаулық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында жасөспірім дамуына әсер етуші тәрбиенің екі қайнар көзі – саналы түрде әсер ететін жанашыр орта мен қоршаған «күрделі» ортаның ара жігі ашып көрсетіліп, адам үшін адаспайтын жол өмірдің мәнін тауып, жарқын өмірге құлшыну екендігі оқушыларға ұғынықты тілмен түсіндіріліп, нақты деректер берілді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді» деген оймен бөлісті.

Оқушыларға сұрақтар қойылды, ой-пікірлермен бөлісті. Сондай-ақ «Жасөспірімдер арасында қылмыстар» атты бейнеролик көрсетілді. Осылайша, ортаға тасталған оймен, ұсыныстарды талқылау арқылы жасөспірімдер  арасында құқық бұзушылықтың алдын алу қадамы жасалды.