«Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ-де «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында Адал Ұрпақ мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілгені туралы АҚПАР

Дата: 2021-03-12 14:29:30

2020 жылдың қазан айының 12-сі күні Адал Ұрпақ мүшелерімен қашықтықтан Zoom платформасы арқылы «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, («Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады) құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында ситуациялық сұрақтар қойылып, оқушылар арасында қызу талқыланды.