«Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ-де «Жемқорлық – індет, жою – міндет!» атты тақырыбында Адал Ұрпақ мүшелерімен эссе байқауы өткізілгені туралы АҚПАР

Дата: 2021-03-12 14:24:36

ХХІ ғасырдың дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында елімізде «Қылмыстық кодекске», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және басқа да заңдық нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

2020 жылдың қазан айының 8-і күні Адал Ұрпақ мүшелерімен қашықтықтан «Жемқорлық – індет, жою – міндет!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты - оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасы мен сыбайлас жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында, экономикаға қауіпті екенін түсіндіру.