«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де «Біз әділ ұрпақ ел болашағы!» атты тақырыбында Адал Ұрпақ мүшелерімен презентация байқауы өткізілгені туралы АҚПАР

Дата: 2021-03-12 14:13:33

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.

Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.

2020 жылдың қыркүйек айының 10-і күні Адал Ұрпақ мүшелерімен «Біз әділ ұрпақ ел болашағы» атты тақырыбында презентация байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту; туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Презентация байқауына барлық оқушы белсене қатысты.