Ілімбаев Қайырбек Напталұлымен 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу

Дата: 2021-02-26 09:49:15

                                                                                       

    2021 жылдың 26 ақпаны  күні  Қарағанды облысы бойынша «Өнегелі өмір» жобасы аясында, жетістік пен табысқа жеткен тұлғалармен кездесу, танысу мақсатында 2006 жылы облыс бойынша 500- ден аса мектеп арасында 300 - ші орында тұрған мектептің І орынға шығуына өз үлесін қосқан, «Алтын белгі» бойынша бір жылда 15 оқушы қорғап, республика бойынша алғашқы «үздік» үш мектептің  қатырына    кірген  Қарағанды қаласындағы  №7 Жамбыл атындағы  мектеп- интернат   гимназиясында  мектеп директоры  болған,  2018 жылдын қазіргі кезге дейін облыстық    мамандандырылған музыка мектеп- интернатының  мектеп директоры  Ілімбаев Қайырбек Напталұлымен  1-4 сынып оқушыларының  қатысуымен  кездесу  ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру мақаласында орындалу керек міндеттердің бірі «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясынды Қарағанды жерінің  дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты  жерлестерімізді көпшілікке таныту.

Жетістік пен табысқа жеткен  тұлғалардың іс- тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдарлау.