«Танымдық экология», «Өмір сүр, Жер!» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.

Дата: 2021-02-15 14:51:46

  01.02.2021жылы  «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ- де  4 «Б» сыныбында «Танымдық экология», «Өмір сүр, Жер!» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.

Сынып сағатының мақсаты:

  • Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

  • Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу

    Сынып сағатында  оқушыларға жалпы табиғат, экология, табиғатты қорғау туралы айтылды.    Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғаттың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп- қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

«Қоршаған ортаны қорғау» туралы мультфильм көрді. Балалар өз пікірлерін айтты.