«Мобильді сауаттылық» тақырыбында сауаттылық сабағы өтті.

Дата: 2021-02-12 10:07:03

Бүгін,ақпан айының 3-і күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтетін облыстық «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы аясында 7-8 сыныптар арасында «Мобильді сауаттылық» тақырыбында сауаттылық сабағы өтті. Сабақта оқушылар желіде жұмыс істеуге арналған смартфон, планшет және ноутбуктердің дамуына байланысты веб-парақ-шаларды көру және IТ-телефония, бейнеконференциялар және мультимедиалық ағындарды тасымалдау сияқты әрекеттерді мобильді құрылғыларда орындау тәсілдерімен танысып,өз ойларымен бөлісті.