Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлымен кездесу

Дата: 2021-02-12 10:02:31

2021 жылдың ақпан айының 3-і күні Қарағанды облысы бойынша «Өнегелі өмір» жобасы аясында, жетістік пен табысқа жеткен тұлғалармен кездесу, танысу мақсатында Қарағанды қаласындағы айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлымен мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен Zoom платформасы арқылы кездесу өтті. Іс-шара барысында оқушылармен бірлесе сұхбат жүргізіліп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды. Іс-шара барысында кездесуге қатысқан қонағымыз қонақ кәде ретінде оқушыларымызға өзінің шығарған өлеңін оқып берді. Оқушыларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бүгінгі өткізілген іс-шараға қорытынды жасай отырып оқушыларымызға ақыл-кеңес берді.