Размер шрифта:

Қалалық «Менің болашақ мамандығым» атты қашықтықтан өткізілген мультимедиялық презентация байқауы

Дата: 2021-02-09 12:09:31
Қалалық «Менің болашақ мамандығым» атты қашықтықтан өткізілген мультимедиялық презентация байқауы

Мамандық таңдау - өмірдің ең қиын, әрі ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдау - сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық - болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

2021 жылдың 26-28 қаңтар аралығында Оқушылар сарайында "Менің болашақ мамандығым" атты қашықтықтан мультимедиялық презентация байқауы өтті. Байқау балаларға болашақ мамандығы туралы ойлануға, талдау жасауға және маңызды қадамға дайындалуға мүмкіндік берді.

Байқаудың мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау.

Байқауға мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Елеубек Ділназ қатысып, жүлделі II орынмен марапатталды.