«Оқушылардың жол көлік оқиғасы жағдайындағы әрекеті» атты сынып сағаттары

Дата: 2021-01-19 09:32:06

   18.01.2021 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің 1-11 сыныптарда  «Оқушылардың жол көлік оқиғасы жағдайындағы әрекеті» атты сынып сағаттары өтті. Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Оқушыларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

   Сынып сағаты барысында бейне материалдар, жол белгілердің суреттері, жағдаят сұрақтар қойылды.