«Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты қашықтықтан презентация байқауы өткізілді.

Дата: 2020-12-20 09:38:48

    Тәуелсіздік - еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі - Тәуелсіздік. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 9-12 желтоқсан аралығында «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты қашықтықтан презентация байқауы өткізілді.

Бұл іс-шараға мектебіміздің 5-сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. Байқаудың негізгі мақсаты білім алушылар арасында Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғалар туралы түсінік қалыптастыру. Оларды отансүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге, жерін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Байқаудың нәтижесі бойынша:

I орын - 5 «Б» сынып оқушысы Шаймұрат Жанбол

II орын - 5 «Б» сынып оқушысы Совет Ақниет

III орын - 5 «А» сынып оқушысы Азамат Ермек