"Шегіртке мен құмырсқа" мысалын талдау тақырыбында қалалық дөңгелек үстел ZOOM платформасы арқылы өткізілді

Дата: 2020-12-02 10:27:54

   «Балқаш қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектеп» КММ-інде «Бір отбасы-бір кітап» облыстық жобасы аясында 5-6 сынып оқушылары арасында  Абайдың "Шегіртке мен құмырсқа" мысалын талдау  тақырыбында қалалық  дөңгелек үстел ZOOM  платформасы арқылы  өткізілді. Мақсаты: мысалдардағы жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді танып, баға беру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке,  еңбекті бағалай білуге, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.