Размер шрифта:

«Жігітке жеті өнер де аз »

Дата: 2020-11-27 11:11:22

     2020 жылдың қараша айының 26-сы күні Қарағанды облысы бойынша «Өнегелі өмір» жобасы аясында, жетістік пен табысқа жеткен тұлғалармен кездесу, танысу мақсатында ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі ,Облыстық Үстел теннисі құрамасының Президенті, Қарағанды қаласының қалалық маслихатының хатшысы Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлымен «Жігітке жеті өнер де аз » тақырыбында 8-11 сыныптың оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

  Мақсаты: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің бірі «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды жерінің дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. Жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдарлау.