«Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ№25 орта мектебі» КММ-і Кәсіпкерлік және бизнез негіздері пәні аясында ұйымдастырылған кездесу сабағы бойынша ақпар

Дата: 2020-11-26 16:22:31

     2020 жылдың 26 қараша күні «Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ№25 орта мектебі» КММ-інде ZOOM платформасы арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні аясында пән мұғалімі Тлеубек Канат Кәрібекұлы 11 сынып оқушылары мен Нұр-Сұлтан қаласы, Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері, «Поехали с нами» турагенттігінің директоры Успаева Арай Саматовнамен кездесу сабағы ұйымдастырылды.  Сабаққа 17 білім алушы қатысты.  А.С.Успаева оқушыларға «Бизнес неден басталады және бизнестегі маңызды қызмет» тақырыбында франшиза алу, нарықты зерттеу, бизнесті жоспарлау бойынша әңгіме сағатын өткізді. Сабақ танымды, қызықты өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды. Арай Саматовна болашақта осындай кездесу сабақтарын ұйымдастыру мүмкіндігі болады деген тілегімізді қабыл алды. Келесі кездесу сабақты ақпан, сәуір айында өткізу жоспарланды.