Оқушылар арасында патриоттық рухани тәрбие, адамгершілік, сыйластық қасиеттеріне баулу мақсатында 7 «Б», 8 «Б» сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Үлкенге құрмет" акциясы аясында 7-8 сынып оқушылары және ата- аналарымен Zoom платформасы арқылы дөңгелек

Дата: 2020-11-23 09:50:10

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  құрылған «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру мақсатында «Балқаш қаласы  Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ-де оқушылардың арасында патриоттық рухани тәрбие, адамгершілік, сыйластық қасиеттеріне баулу мақсатында 7 «Б», 8 «Б» сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Үлкенге құрмет" акциясы аясында  7-8 сынып оқушылары және ата- аналарымен Zoom платформасы арқылы дөңгелек үстел өткізілді. Мақсатымыз оқушыларды адамгершілікке тәрбиелей отырып, ұлттың сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесіне тән иманды,ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу, оқушы бойында жақсы қасиетті қалыптастыру.

Іс- шара барысында ата-аналар балаларға өз кеңестерін айтты. 

Оқушыларға өз ойларын ашық айтуларына, пікір білдірулеріне  мүмкіншілік берілді.