Кезекші сыныптардың жұмысын ұйымдастыру бойынша жаднама

Дата: 2020-11-19 17:24:43

          Кезекші сыныптардың жұмысын ұйымдастыру бойынша жаднама

* Мектепте қатаң санитарлық талаптар сақталады.

*Әр сабақтан соң сынып бөлмесін кварцтау, желдету, ылғалды жинау жүзеге асырылады.

* Кезекші сыныптар 2 ауысымда ұйымдастырылады (Оқушылар саны 15 баладан аспайды), әр сынып үшін әр уақытта үзілістер кестесі жасалады.

* Кезекші сыныптар тек ата-аналардың өтініші бойынша құрылады. Байланыста болған және коронавирус ауруы расталған, сондай-ақ мектепке барудан 14 күн бұрын шетелден келген отбасылардан шыққан балаларға рұқсат беруге тыйым салынады. (Дәрігердің қорытындысы болған жағдайда ғана рұқсат етіледі).

* Ата-аналардың мектепке кіруіне тыйым салынады.

* Күн сайын әр баланың дене температурасы өлшенеді (термометрия).

* Балада жеке антисептик болуы және әр екі сағат сайын ауыстырылатын маска болуы міндетте емес,  еріктілік принципі сақталады.

• 1 ауысымда мектепалды даярлық 1-5 сыныптар оқиды.

  2 ауысымда мектепалды даярлық 1-5 сыныптар оқиды.

* 1-4 сыныптарда "бір сынып - бір мұғалім" қағидасы сақталады (тек негізгі пәндер, қалғандары қашықтықтан өткізіледі).

* Белгіленген уақытта баланы мектепке әкеліп, сабақтан кейін алып кету ұсынылады.

* Кезекші сыныптың оқушылары мектеп формасымен келуі міндетті емес, классикалық үлгіде киінуге болады.

* Егер  балаңызда дене қызуы көтерілсе, баланы мектепке жібермеу керек. Инфекциялық белгілері бар балалар анықталған кезде олар жедел жәрдем бригадасы мен ата-аналар келгенге дейін оқшауланады.

* Баланы бөтелкедегі ауыз сумен жеке қамтамасыз ету қажет.

* Мектептегі тамақтану ұйымдастырылмайды.

* Кезекші сынып оқушылары арнайы әзірленген сабақ кестесі бойынша сабаққа келулері керек.

* Барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау қажет (бетперде, антисептиктің болуы, қолды жуу, қашықтықтан тазарту, қол ұстасудан, құшақтасудан, оқу құралдарымен алмасудан аулақ болу).

* Контактіні азайту үшін "бір жақты қозғалыс" ережелерін сақтау қажет.

* Кабинеттен кабинетке жүруге тыйым салынады.

 

 «Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ № 25 орта мектебі» КММ-нің әкімшілігі