Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай өткізілген «Баланың құқықтары мен міндеттері» атты буклеттер байқауы

Дата: 2020-11-17 09:31:31
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай өткізілген  «Баланың құқықтары мен міндеттері» атты буклеттер байқауы

Отанымыздың ертеңі де, өркені де - бүгінгі ұрпақ. Сол ұр­пақтың тәлімді де, тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның па­ры­зы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры - жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақ­тың басымдығын мойында­татын терең моральдық құнды­лық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді. 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады.

Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп-жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген. 

2020 жылдың қараша айының 2-5 күндер аралығында Дүниежүзілік балаларды  қорғау күніне орай  5-11 сыныптар арасында «Баланың құқықтары мен міндеттері» атты буклеттер байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты - оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту,өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Байқауға белсене қатысқан оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталды.