8«А» сынып оқушыларының қатысуымен " Еңбек - ел мұраты" (кәсіптік бағдар беру) тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Дата: 2020-10-26 16:14:06

   Бүгін, 26.10.2020 жылы 8«А» сынып оқушыларының қатысуымен " Еңбек - ел мұраты" (кәсіптік бағдар беру)  тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды еңбекке баулу, мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, мамандық әлемінен ақпараттар алу.

    Сынып сағатында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, қазіргі кездегі заманауи мамандықтармен таныстырылды.