«Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сағаты» өтті

Дата: 2020-10-23 10:52:24

    «Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ-де  қазан айының 20-сы күні Zoom платформасы арқылы мектеп педагогтарымен «Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сағаты» өтті. Жиналысқа 32 педагог қатысты.
Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары А.Б.Башарова педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу туралы  «ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтарындағы №83 бұйрығына» енген өзгерістер жайлы айтып өтті.
Мектептің педагогтары аттестациядан өткізу жоспары бойынша 2020-2021 оқу жылында 8 педагог аттестациядан өтеді.
Оқу ісінің орынбасары Г.Ж.Тоқтаубаева  «Дарын» республикалық  ғылыми-практикалық  орталығының  ұйымдастырған  5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің  ережесімен таныстырды.