Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында әдістемелік қызметі бойынша жүргізілген іс-шаралар ақпары.

Дата: 2020-10-09 09:04:59

1.01.09-03.09.2020ж.   "Жас маман" мектебі бойынша  жаңа оқу жылына жоспар жасалып, бекітілді.

1.1. Жас мамандарға тәлімгер тағайындалып, бекітілді

1.2. Оқу-тәрбие үрдісіндегі нормативтік құжаттармен, әдістемелік құжаттармен таныстырылды.

1.3. Күнтізбелік - тақырыптық жоспар жасауда, қашықтықтан оқытуда "Білімал"жүйесінде СДОТ платформасында жұмыс істеуге нұсқаулықтар, оқу тапсырмаларының көлемі туралы жеке кеңестер  берілді.

2. 01.09-03.09.2020ж.   Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.

2.1.  "Ұлы дала баласы" онлайн-қашықтықтан  пәндік олимпиадасына  бастауыш сыныптан 15 оқушыға, гуманитарлық пәндер бірлестігінен  7 оқушыға, политехникалық пәндер бірлестігінен  5 оқушыға сұраныс  жіберілді.  

2.2. "Абай жолы- мәңгілік мұра" қалалық  тілдер орталығының эссе байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Бөлеген, мектепалды даярлық сынып жетекшісі Ж.Ж.Жақсыгелдина  қатысты. ІІІ дәрежелі дипломымен мектепалды даярлық сынып жетекшісі Ж.Ж.Жақсыгелдина марапатталды.

2.3. Олимпиадаға дайындық жоспары жасалып, мектепішілік олимпиадаға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.