Басты мақсат- өмір сүру сапасын жақсарту

Дата: 2018-11-15 22:14:01
Басты мақсат- өмір сүру сапасын жақсарту

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Басты мақсат- өмір сүру» сапасын жақсарту атты кезекті Жолдауын талқылау негізінде Оқушылар сарайында 2018 жылдың 18 қазан күні Балалар Маслихатының депутаттарымен отырыс өтті. Талқылау барысында Балалар Маслихатының депуттары белсене қатысып, жолдаудың 10 бағыты бойынша пікір алмасты.  №1 ЖББ мектебінің 8сынып оқушысы  Жумадилова Айгерим мен №2 мектеп-интернатының 9 сынып белсендісі  Аяғанова Баян  жолдаудың әр бөліміне тоқталып толыққанды ақпарат берді. Жолдаудың өзегі – 2019 жыл - Жастар жылы. Осыған орай, Елбасымыз ауыл жастарын қолдау мақсатында «Ауыл –ел бесігі» атты жобаны іске асыруға тапсырма берді. Себебі мемлекетіміз жастарға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Балалар Маслихатының депутаттары: халықтың табыс деңгейін арттыру, білім беру сапасын арттыру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, индустрияландырудың жаңа тәсілдері, бизнес және инвестициялық ахуалды жақсарту бағыттары бойынша әлеуметтік салалардың жаңа мүмкіндіктерін қарастырды.

         Талқылау соңында қатысушылар мынадай пікірге келді: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жаңа жолдауын басшылыққа ала отырып мемлекетіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізеді, ол үшін цифралдық технологиялар негізінде барлық саланы дамыту керек. Өз кезегінде Балалар Маслихатының депутаттары елбасының саясатын қолдай отырып, еліміздің болашағын дамытуға өз үлестерін қосуға сөз берді.