Балалар үйіндегі Достық күні

Дата: 2018-10-15 12:57:35
Балалар үйіндегі Достық күні

     «Қазақстан мейірімділік мекені» акциясы аясында балалар арасында достық қарым-қатынасты дамыту, ұйымшылдық және достықты бағалау сияқты қасиеттерді қалыптастыра отырып мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 12 мамыры күні Балалар маслихаты депутаттары Балқаш қаласының балалар үйіне барып қайтты. Балалар масихаты депутаттары «Қызықты саяхат» атты станциялар бойынша Балалар үйі тәрбиеленушілері арасында ойын ұйымдастырды. Екі топқа бөліне отырып балалар ұйымдасқан түрде 8 станцияны жүріп өтті: «Спорттық», «Әуенді тап», «Ойшылдар», «Шарлар әлемі», «Пазлды құрастыр»,  «Ойлан тап», «Суретшілер» және соңғы станцияда барлық балалар мен Балалар маслихаты депутаттары бірлесіп «Достық талын» отырғызды. Іс шара соңында Балалар маслихаты депутаттары жас достарға арнап «Балқаш балаға мейірімді қала» эмлемасы  бейнеленген тәтті сыйлықтан тосын сый әзірледі. Балалар үйі тәрбиеленушілеріне іс шара өте қатты ұнады жас достар шын көңілден балалар маслихаты депутаттарына алғыстарын білдірді.