«Киелі мұрамызға тағзым!» акциясы

Дата: 2018-10-15 12:54:32
«Киелі мұрамызға тағзым!» акциясы

       Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Оқушылар сарайының "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы және Балалар маслихаты депутаттарының бастамасымен ұйымдастырлған қалалық «Киелі мұрамызға тағзым» акциясы 2018 жылдың 26 сәуірі күні "Т-34" танк ескерткішінің жанында өтті.   Мақсаты:  қала тұрғындарымен жас патриоттардың бірлігін нығайтып жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін жоғарылату, мәдениет ескерткіштері маңын тазарту арқылы жауынгер ерлерімізге құрмет көрсету.          Аталған акция сәуір айның басынан бастау алып бүгінгі күні тарихи құндылыққа ие қаламызда орналасқан ескерткіштер маңын тазалаумен жалғасуда. Акция кезінде«Т-34» танкі, ҰОС жылдарында құрбан болған Балқаштықтарға арналған мемориал, М.Русаков, Жеңіс аллеясы ескерткіштер маңын  тазалау жүргізілді.
         Акцияға қала мектептерінің Ұланбасылар, Балалар маслихаты депутаттары және қала мектептерінен 300 - ден аса оқушы   қатысты.