«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» мерекелік іс-шарасы өткізілді...

Дата: 2019-12-26 15:16:10
«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» мерекелік іс-шарасы өткізілді...

Балалардың асыға күтетін сүйікті мерекесі ол Жаңа жыл. Желтоқсан айының 26 күні 1-4 сынып оқушыларына арналған «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Балалардың көңілін көтеру үшін шыршаға ғажайып әлемнен келген бейнелер өнер көрсетті. Жаңа жыл Аяз ата мен Ақшақарсыз өткен емес. Атасы мен немересі қосылып, кішкентай достарын жаңа жылмен құттықтауды ұмытпады. Бұдан кейін мерекенің көркі – шырша жағылды. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер шыршаны айналып, ән айтты. Мереке өте көңілді өтті.

Балалар бұл кезде ғажайыпқа сеніп, ең ізгі тілектерін жолдайды. Балғындар ертегі әлеміне түскендей болып, көздерінде ғажайып от жанғандай. Күнә атаулыдан пәк бүлдіршіндер жаңа жылдық сиқырлыққа, Аяз атаның бар екеніне сенеді. Әр алуан жаңажылдық костюм киген балғындар ғажайып мерекені асыға күткендерін көрсетті. Түрлі жануарлар, ертегі мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі балалар кештің көркіне айналды. Әр бала өзінің сүйікті кейіпкері бейнесінде келіп шаттық сезімде болды. Қош келдің, Жаңа жыл!