Қамқоршылық кеңесінің отырысының № 4 хаттамасы

Дата: 2019-12-26 14:39:15

25.12.2019

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.  Жыл бойы мектепте  атқарылған жұмыстар есебі. Мектеп директоры, П. С. Жамшыбаева

2. Жаңа Жылға дайындық барысы

3. Әртүрлі

Қатысқандар:Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңесі мүшелері  - 9адам, мектептің ата – аналар комитеті мүшелері, әкелер және аналар кеңесі мүшелері – 32адам.

Тыңдалды: 

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры П. С. Жамшыбаева сөз алып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Нақты айтқанда мектепте  418 бала оқиды, оның ішінде 5 жетім бала, 80 аз қамтылған, көпбалалы жанұя балалары бар. Оқу жылы бойы осы санаттағы оқушыларға  демеушілер  және де Қамқоршылық кеңесі мүшелері жүргізген насихаттау жұмыстарының аясында көмек  көрсетіліп отырды. Оқушылардың жазғы демалысы да өте жоғары деңгейде өтті – 280 бала мектеп жанындағы «Болашақ»  сауықтыру және демалыс орталығында демалып,  демалыс сайын Шұбартүбек қонысындағы демалыс орталығына саяхат ұйымдастырылып, денсаулықтарын шыңдады. Сонымен қатар дәстүрлі мерекелерде өз деңгейінде өткізіліп отырды. Өткен 2019 жылғы «Мектепке жол - 2019» акциясы да   жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 70 оқушы киім –кешекпен , оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар биылғы оқу жылында аз қамтылған отасынан шыққан 5 бала  ҰБТ-ға дайындау мақсатында Кемел оқу орталығына барып ақысыз оқып білімдерін шыңдауда, және де қонатын оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда,әлсіз оқушылармен қосымша сабақ жүргізу мақсатында қаладағы гуманитарлық – техникалық  колледжбен келісім – шарт жасап , қазырғы таңда жоғары курс студенттері волонтерлық жұмыс атқарып жатқанын айтып өтті. Тағы бір айта кететін жаңалық мектептің ауласын, фойесін  аббаттандыруда ауқымды істер атқарылып, біршама жаңалықтар енгізілді. Қамқоршылық  кеңес мүшелері  мектепте өткен әрбір дәстүрлі іс –шараларды, акцияларды ұйымдастыруға  белсенді қатысып, ауқымды  қолдау көрсетіп отырды дей келе Перизат Серікбайқызы Қамқоршылық кеңесі мүшелеріне алғысын білдірді.

2. Екінші мәселе бойынша   аға тәрбиеші  М.Н.Сулейменова  сөз алып  Жаңа Жыл  мерекесі  жақындап келе жатқанын, және де мерекеге орай дайындықтар барысымен, әрбір сыныпта өтетін шырша мерекесі кестесімен таныстырды. Оқушылардың өмір –қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп бойынша кезекшілік кестесі құрылып, жауапты адамдар тағайындалып  бұйрық, шығарылғанын айтып өтті , және де Ата –аналар комитеті , Әкелер кеңесі, Аналар кеңесі мүшелерінің жылдағыдай мереке өткізу барысында кезекшілікке келуі керек екенін айтты .

3. Қамқоршылар кеңесі төрайымы  Б. Жапарбекова – жылдағыдай бастауыш сыныптар оқушыларына, аз қамтылған, көпбалалы жанұялар, жетім балаларға  жаңа – жылдық  тәтті сыйлықтар  үлестіруді  ұйымдастыру , мектеп ауласын , шырша өтетін залды мерекеге сай безендіру мақсатында демеушілерге хат жолданып, жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.  Қамқоршылар кеңесі төрайымынң орынбасары Ж.Бедельбаева   осы мектепте  2019 жылғы өткізілген жұмыстардың өте жемісті екенін айтып қанағаттандырарлық деп баға беруге ұсыныс жасады   кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.

ШЕШІМ :

1. Мектеп директоры П. С. Жамшыбаеваның жылдық  есебі қанағаттандырарлық деп саналсын.

2.  Жаңажылдық мерекелері өткізу  барысында «Ата-аналар комитеті», «Әкелер кеңесі», «Аналар кеңесі» мүшелерінің құрамынан кезекшілік кестесі құрылып, мерекені өз деңгейінде өткізу жауапкершілігі  жүктелсін.

3. Мүмкіндігінше бастауыш сыныптар оқушыларына, аз қамтылған, көпбалалы жанұялар, жетім балаларға жаңажылдық  тәтті сыйлықтар   ұйымдастырылсын.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы              Б. Р. Жапарбекова

                    Хатшы                  М. Н. Сулейменова

        Кеңес төрайымының орынбасары – Ж. Беделбаева

             Кеңес мүшелері :

  1. Маканалин  Т.И.
  2. Крюков М
  3. Алибекова Б
  4. Муслимов А.К.
  5. Жуматаев   Б
  6. Нұрбекова А
  7. Есенова Г.У.