"Лагерь аруы - 2019"...

Дата: 2019-07-31 22:39:59

  22 шілде күні "Болашақ" жазғы сауықтыру орталығының аруларымен "Лагерь аруы -2019" байқауы өткізілді.

Мақсаты: қазақ қыздарына тән адамгершілік қасиеттерді үлгі ете отырып, инабаттылыққа мейірімділікке тәрбиелеу.

Байқау барысында аруларымыз 5 тур бойынша бақ сынасып, білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Сайыс тартымды да тартысты өтті. Көрермендер ән шашу тарту етті. Әділ қазы алқасының шешімі бойынша өзінің инабаттылығымен, парасаттылығымен, білімділігімен көзге түскен тынығушымыз Қазкен Гүлдана "Лагерь аруы" атанды.

Баланың қуанышы мен шат күлкісі баршамызға көтеріңкі көңіл сыйлайды. Әрқашан балапандарымыз сыңғырлаған бал үнімен шаттандырсын!