«Сөз мерген» сайысы...

Дата: 2019-07-31 22:03:02
«Сөз мерген» сайысы...

20 шілде күні «Болашақ» жазғы сауықтыру орталығында «Сөз мерген» сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – оқушылардың білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу.

Ойынға «Атамекен» және «Өркен» топтары қатысып, 6 кезең бойынша түрлі тақырыпта білімдерін сынады. Ойын нәтижесі бойынша «Атамекен» тобы жеңіске жетті.