«Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды...

Дата: 2019-07-19 12:59:49
«Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды...

10-шілде күні «Болашақ» жазғы сауықтыру орталығында «Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Бұл күні жоғары топ оқушылары мұғалімдердің орнын ауыстырып, лагерьдегі жауапты істі қолдарына алды. Ал үлкендер қауымы оқушылардың орнына саптық жиынға тұрып, лагерь өміріне тамаша көңіл-күй сыйлады. Жауапкершілік, тиянақтылыққа тәрбиелеу мақсатында құрылған шара - лагерь тынысына жаңаша серпін, тың нәтиже әкелді. Оқушылар өздеріне жүктелген жауапкершіліктен қашпай, орнықты тапсырма орындауға талпынды.