Астана күніне орай өткізілген іс-шаралардан ақпарат

Дата: 2019-07-19 12:56:35
Астана күніне орай өткізілген іс-шаралардан ақпарат

«Болашақ» жазғы сауықтыру орталығында 1-6 шілде күндері оқушыларды отансүйгіштікке, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында «Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан" атты Астана қаласының туған күніне орай апталық жоспарланды. Жоспар бойынша волейболдан біріншілік, «Нұр-Сұлтан ару қала» атты эссе байқауы, «Астана - бас қала» жайдарманы, «Астана туған күніңмен» атты мерекелік концерт болып өтті. Ұйымдастырылған іс-шараларға оқушылар белсене қатысып, барынша қызықты өтуіне шын ықыластарымен атсалысты.