«Ең үздік топ» атты сайысы...

Дата: 2019-06-22 12:34:25
«Ең үздік топ» атты сайысы...

 20 маусым күні «Болашақ» жазғы сауықтыру орталығында «Ең үздік топ» атты сайыс ұйымдастырылды.

Сайыста әр топ өз өнерлерін шыңдап, қабілеттерін көрсете білді. Топтар байқауға алдын ала дайындалып, топтың атын, ұранын жазып, топ жетекшілерімен бірге плакаттар дайындап, берілген үй тапсырмаларын дайындады. Байқау барысында лагерге арнау, көрермендермен ойын ұйымдыстыру, топтың киім үлгісі, топтың ерекшелігін көрсету сынды тапсырмалар болды.

Қазылар алқасы жақсы дайындалған топты анықтап, үздік деп "Балдырған" тобын жариялады. Барлық оқушы сайысқа белсене қатысып, көрермен көзайымы болуға тырысты. Сайыс өте тартысты өтті.