«Нашақорсыз өмір» танымдық сағаты...

Дата: 2019-06-22 12:32:11
«Нашақорсыз өмір» танымдық сағаты...

18 маусым күні «Болашақ» жазғы сауықтыру орталығында «Нашақорсыз өмір» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып, саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу болып табылады. Іс-шара барысында орталық дәрігері оқушылармен әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, лагерь демалушылары топтарға бөлініп «Жаман әдеттерден аулақ бол» тақырыбында плакаттар сайысына қатысып, өз ойларын ортаға салды.