«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық кампаниясы өз жалғасын табуда...

Дата: 2019-06-12 12:19:15
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық кампаниясы өз жалғасын табуда...

 

 1 маусым мен 12 маусым аралығында Халықаралық еңбек ұйымы мен Қазақстандағы ИПЕК қолдауымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні және 12 маусым - Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні болуына байланысты «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық Ақпараттық Кампаниясы акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – Қазақстанда балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жоюға, балалар еңбегінің балалардың денсаулығына әсері туралы халықты ақпараттандыру, оның ішінде үй шаруашылығындағы балалар еңбегіне назар аудару.

Сол акция жалғасы ретінде 4 маусым күні лагерь тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен жоғары буын оқушыларына  «Темекі өсіретін плантацияларда бала еңбегін пайдалану» туралы бейнефильмдер көрсетілді. 

6 маусым күні  дене шынықтыру пәні А.Нельдыбаев «Бақытты балалық шақ» атты спорттық ойындар өткізді. Ойын барысында түрлі көңілді эстафеталар ұйымдастырылып, оқушылар ойынға белсенді қатысты. 

Сонымен қатар, «Балалардың еңбегі» тақырыбында дәрістер тыңдалып, «Керемет елдің балалары» тақырыбында суреттер байқауы болып өтті.